Сыбайлас жемқорлыққа "Хорасан-U (Хорасан-У)" ЖШС / "Қызылқұм" ЖШС-нің мүлдем төзбеушілігі туралы
Компанияның жоғары беделі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларын, халықаралық нормаларды, оған қоса компания тапсырыс берушілерімен ынтымақтастық жасайтын елдерде іс жүргізуді реттейтін нормативтік құқықтық актілерді сақтауға негізделген.
Компания кез келген парақорлық немесе сыбайлас жемқорлық түрлеріне үзілді-кесілді жол бермейді.
Компания сыбайлас жемқорлықты, оның кез келген үлгілері мен көріністерінде қабылдамау стандарттарын сақтау қажеттілігі туралы барлық әріптестерге қойылатын талаптарды белгілейді, тараптардың компанияның беделіне теріс әсер етуі мүмкін іс-әрекеттері үшін жауапкершіліктің туындау мүмкіндігі туралы түсінікке қол жеткізуді көздейді. Бұл дегеніміз, компания қызметкерлері:
- пара ұсынбайды және алмайды;
- рәсімдеулерді оңайлату немесе мерзімділік үшін, компаниядан өздері белгілеген тәртіппен осындай төлемді талап еткен елде олар заңды болып саналса да, төлемдер жүргізбейді;
- егер компания қызметкерлеріне пара ұсынылған болса немесе олардан пара талап етілсе немесе рәсімдеулерді жеңілдету үшін төлем ұсынылса, компания басшысына немесе қауіпсіздік қызметіне хабарлайды;
- барлық төлемдер туралы ақпаратты шынайы және дәлме-дәл белгілеп отырады;
- ынтымақтастықты бастамас бұрын ықтимал тәуекел деңгейін анықтау үшін бизнес-серіктестерге тиісті кешенді тексерулер жүргізеді;
- парақорлық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатын, ынтымақтастықтың басында және кейіннен қажеттілігіне қарай серіктестердің назарына жеткізеді;
- серіктестерден парақорлық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы саясатты/нұсқаулықтарды ұсынуды сұрайды;
- төлемдер немесе қызметтер мақсатының сәйкессіз сипаттарын, қандай да бір рұқсаттардың орнына төлемдер сұратуларын, шот сомасының асып кету немесе дұрыс көрсетілмеу белгілерін қоса алғанда, қауіп дабылдарына тиісті назар аударады;
- егер компания стандарттарына серіктестің сәйкес келмеуі мүмкін деген күмән туындаса, ынтымақтастық көлемін азайтады немесе жағдайға байланысты ынтымақтастықты тоқтатады.