«Хорасан-У» («Хорасан-У») БК» ЖШС 2014 жылдың 5 тамызында құрылды.
Серіктестік Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған.
Серіктестіктің қатысушылары болып табылады:
- «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамы (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға) - 50,00 % үлес;
- Energy Asia Holdings Ltd ( Энерджи Эйша Холдингс Лтд) (Британияның Виргин аралдары заңы бойынша заңды тұлға болып табылатын компания) - 20,00 % үлес;
- Uranium One Utrecht B.V. (Ураниум Уан Утрехт Би.Ви.) (Нидерланд заңнамасына сәйкес заңды тұлға болып табылатын компания) - 30,00% үлес.
Кеніш Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында орналасқан. 2008 жылы тәжірибелік өндіріс басталды.
Серіктестікті құрудың негізгі мақсаттары:
- уран өнімдерін барлау, өндіру, қайта өңдеу және сату саласында өзара тиімді сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамыту;
- Қатысушылар мүдделерінде Серіктестіктің қызметінен пайда алу;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де мақсаттар.