Қазатомөнеркәсіп 2023 жылға арналған өндірістік жоспарлары мен "Орталық "ӨК" ЖШС бойынша мәмілеге қатысты жаңартулар туралы хабарлайды

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ («Қазатомөнеркәсіп» немесе «Компания») 2023 жылы уран өндірісін 2022 жылғы деңгейінде сақтап, жоспарланған көлеммен салыстырғанда жер қойнауын пайдалану келісімшарттар шеңберінде 20% - ға қысқарту ниеті туралы мәлімдейді. Қазіргі уақытта Компания Қазақстанның барлық уран кеніштеріне осы жоспардың әсерін бағалау және іске асырылуы бойынша бірлескен кәсіпорындардағы серіктестермен жұмысты бастауда.

«2023 жылы өндіріс көлемін жер қойнауын пайдалану келісімшарттардың жоспарлы көрсеткіштерінен 20% - ға төмен деңгейінде сақтай отырып, біз стратегиямызға сәйкес нарықтық тәртіпті ұстануды жалғастыруға ниеттіміз. Осы ретте, Қазатомөнеркәсіп 2023 жылы өндіріс көлемін ағымдағы деңгейде сақтауды жоспарлауда, - деді Қазатомөнеркәсіптің Басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматов. - Бағалардың болмашы жақсаруы, ұзақ мерзімді келісімшарттар үлесінің ұлғаюы мен споттық нарық көлемінің қысқаруын қоса алғанда, уран нарығында жақсару белгілеріне қарамастан, 2023 жылы ұсыныс көлемінің ұлғаюы біздің акционерлеріміз үшін пайданы барынша арттыру жағдайдың болуы байқалмайды.

Қазатомөнеркәсіп активтерінің төмен өзіндік өндіріс құны мен өндірістік икемділігінің арқасында компанияның бірегейлігі уран бағаларының төмен болу жағдайында да пайда әкелу мүмкіншілігі бола тұра, саладағы жетекші позицияны иеленген Қазатомөнеркәсіптің шынайы құндылығы, ұзақ мерзімді келісімшарттар жасауға қолайсыз нарықтық жағдайлармен шектеленуде. 2017 жылы өзіміздің THK еншілес компаниямыздың құрылуының арқасында Қазатомөнеркәсіп келісімшарттар портфелін әртараптандыру және болашақ сатулар перспективаларын бағалау мүмкіндіктіктері арта түсті. Бұл ретте, Компанияның орта және ұзақ мерзімді келісімшарттар бойынша келіссөздер жүргізу барысында, өндіретін көлемнің нарықты қалпына келтіруді одан әрі кешіктіру тәуекелінің төмендігін көрсетпейінше, сонымен қатар нарық калыпты тұрақтанып, ал сұраныс пен ұсыныс арасындағы жағдай уран қажеттілігінің өсуіне белгі бергенге дейін, Компанияның өндірудің толық көлеміне (жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар шеңберінде) қайта оралуы күтілмейді».

Компания өзінің жоспарлары туралы алдын-ала хабарлап отыр. Бұл уран өндіруші еншілес және бірлескен кәсіпорындарға қайта қаралған 2023 жылдың өндіру көлемін ескере отырып, өздерінің 2022 жылғы бюджеттерінде күрделі шығындарға қатысты қажетті өзгерістерді енгізуі үшін керек. Компания тез өзгеретін жағдайларға жауап беру үшін икемділікті сақтай отырып, нарықтағы жағдайдың дамуын бақылауды әрі қарай жалғастырады. 2023 жылдан кейінгі өндіру көлеміне қатысты шешім қабылданған жоқ.

Бұл шешімді іске асыру 2023 жылы уранның әлемдік болжамалы өндіріс көлемінен 5 000 тоннаға дейін кем өндіруге алып келеді, ал Қазақстандағы уран өндіру 2022 жылғы жоспарланған деңгейде сақталынады. Қазатомөнеркәсіптің өндіріс көлемі 2023 жылы шамамен 22 500 - 23 000 тонна уран деңгейінде (100% негізде) болады, бұл 27 500 - 28 000 тонна уранды құрайтын жоспарлы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар деңгейінен 20% - ға аз.

"Орталық "ӨК" ЖШС бойынша мәмілеге қатысты жаңартулар

Бұған дейін хабарланғандай Қазатомөнеркәсіп пен China General Nuclear Power Corporation (бұдан әрі – «CGNPC») арасындағы ынтымақтастық туралы келісімдер шеңберінде Үлбі металлургия зауытының аумағында орналасқан жылу бөлгіш құрамалар шығаратын зауыт («Үлбі-ЖБҚ») салу туралы уағдаласты. Бұл ретте CGNPC Үлбі-ЖБҚ өнімін сатып алуға кепілдік береді, ал Қазатомөнеркәсіп өзінің 100% еншілес компаниясы «Орталық» ӨК» ЖШС үлесінің 49%-ын CGNPC немесе оның үлестес компаниясының пайдасына сатуға келіседі  (бұдан әрі – «Мәміле»).

2021 жылдың сәуір айында Мәміле бойынша сатып алу-сату шартына қол қойылып, тараптар төрт ірі халықаралық консалтингтік компаниялардың бірі бағалаған құнға келісті. «Орталық» ӨК» ЖШС үлесінің 49% құны шамамен 435 млн АҚШ долларына бағаланып отыр.

Мәміле кейінге қалдыру шарттарын қамтып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдардың мақұлдауынан 2021 жылдың 30 маусымына дейін өтуі тиіс деп кутілді. Екінші тараппен келісімі бойынша мәміленің болжамды аяқталуы 2021 жылдың 31 шілдесіне дейін ұзартылды.

Мәміле аяқталғаннан кейін Қазатомөнеркәсіп өз үлесінің 51%-ын сақтап қалады, ал CGN Mining (CGNPC-ің үлестес компаниясы) «Орталық» ӨК» ЖШС-тегі қатысу үлесінің 49%-ын сатып алады, бұл ретте серіктестер уран сатып алуды осы кәсіпорындағы өзінің қатысу үлесіне барабар көлемде жүзеге асыратын болады.

Қосымша ақпарат алу үшін хабарласуға болады:

Инвесторлармен өзара іс-қимылға байланысты мәселелер бойынша

Кори Кос (Cory Kos), IR департаментінің директоры

Тел: +7 7172 45 81 80

Email: iratkazatomprom.kz

Қоғаммен байланыс және БАҚ сұраулары бойынша

Торғын Мұқаева, GR және PR департаменті PR бөлімінің бас сарапшысы

Тел: +7 7172 45 80 63

Email: pratkazatomprom.kz

Осы хабарландырудың көшірмесі  www.kazatomprom.kz сайтында қолжетімді.

Қазатомөнеркәсіп туралы

Қазатомөнеркәсіп – Компанияның қатысу үлесіне барабар, 2020 жылы уранның жиынтық әлемдік бастапқы өндірісінің шамамен 23%-ы мөлшерінде табиғи уран өндірген әлемдегі ең ірі уран өндіруші. Топтың саладағы ең ірі резервтік уран базасы бар. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдармен бірге 14 уран өндіруші кәсіпорынға біріктірілген 26 кен орнын игеруде. Барлық уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және денсаулық сақтауды, өнеркәсіптік қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғауды бақылаудың озық практикалары мен құралдарына ерекше назар аудара отырып, жер асты ұңғымалық шаймалау технологиясын қолданады.

Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында және «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы саналады және Топтың негізгі клиенттері – атом өндіруші қуат операторлары, ал өнімдер үшін негізгі экспорттық нарық – Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа. Топ уран мен уран өнімдерін ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, сондай-ақ спот нарығында тікелей Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан бас кеңсе немесе Швейцариядағы Trading House KazakAtom (THK) еншілес кәсіпорны арқылы сатады.

Толық ақпарат біздің сайтымызда: http://www.kazatomprom.kz.

Болашаққа қатысты мәлімдемелер

Осы хабарға немесе құжатқа енгізілген тарихи фактінің мәлімдемелерінен басқа барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдемелер болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер Компанияның қаржылық жағдайына, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы үміттері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелерде,  бұның алдында, бұлардан  кейін немесе   "мақсат", "санаймыз", "күтеміз", "ниеттіміз", "мүмкін", "болжаймыз", "бағалаймыз", "жоспар", "жоба", "болады", "болуы мүмкін", "ықтимал", "әбден мүмкін" сияқты сөздер мен терминдер немесе олардың теріс нысандары қолданылатын мәлімдемелер қамтылуы мүмкін.

Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер белгілі және белгісіз тәуекелдерді, белгісіздіктерді және Компанияның бақылауынан тыс басқа да маңызды факторларды қамтиды, бұл Компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашаққа қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанған нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай өзгеше болуы мүмкін. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер Компанияның қазіргі және болашақ бизнес стратегиясына және болашақта жұмыс істейтін жағдайларға қатысты көптеген болжамдарға негізделген.

ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ БОЛАШАҚ ОҚИҒАЛАР ТУРАЛЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ ЖӘНЕ ЕЛЕУЛІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛЕСТІК БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА ДА КОНВЕНЦИЯЛАРҒА ҰШЫРАЙДЫ, ОЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫН СЕНІММЕН БОЛЖАУ МҮМКІН ЕМЕС ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС. БОЛЖАМДАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫНА КЕПІЛДІК БЕРІЛМЕЙДІ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ МҮМКІН. КОМПАНИЯДАҒЫЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ-ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КЕҢЕСШІЛЕРІ ДЕ, ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ НЕМЕСЕ ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАНДАРДЫҢ ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ ДА ОСЫ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДӘЛДІГІ ҮШІН ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ.

Болашаққа қатысты мәлімдемені қоса алғанда, осы хабарламада немесе құжатта қамтылған ақпарат осы құжаттың күніне ғана қолданылады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, осындай ақпараттың жаңартуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден біржақты түрде бас тартады және Компанияның күтулеріндегі өзгерістер, оқиғаларға, жағдайларға немесе болашаққа қатысты осындай мәлімдемелер негізделген мән-жайларға өзгерістер нәтижесінде немесе осы құжат күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғалар немесе мән-жайларда ол ақпаратқа енгізуі мүмкін қандай да бір өзгерістерді жария түрде шығармайтын болады.