Тәуекелдерді басқару жүйесі

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру шеңберінде 2010 жылы рисктерді басқару жүйесі (РБЖ) енгізілді. Рисктерді басқару «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-тың РБЖ бойынша бекітілген ішкі құжаттар негізінде, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ рисктерді басқару жөніндегі нормативтік құжаттарына сәйкес жүргізіледі.

Рисктерді басқару жөніндегі басты мәселелер «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-тың жанындағы Рисктерді басқару жөніндегі комитеттің қарауына шығарылады. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ кәсіпорындарында рисктерді басқаруға жауапты жекелеген құрылымдық бөлімшелер құрылған немесе триск-менеджерлер тағайындалған.

Риск иелері мен Риск-менеджмент Басқармасы бірге сапалы және сандық мөлшерде рисктерді бағалау негізінде әрдайым барлық аныкталған рисктердің сараптамасын жасай отырып, олардың ықпалын және/немесе іске асу ықтималдығын минимизациялауға бағытталған іс-шараларды аныктап отырады.

Қоғам «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ рисктерді басқару жүйесін жетілдіру бойынша біраз жұмыстар жүргізді: рисктерді басқару жөніндегі бірыңғай методологиялық база құрылған, рисктерді анықтаудың тиімді процесі жолға қойылған, рисктерді лимиттеу практикасы енгізілген (басты рисктерге қатысты риск-тәбет, төзімділік деңгейін анықтау, контрагент банкілерге лимиттер банкін орнату, сондай-ақ басты риск көрсеткіштер жүйесі енгізілген). Жыл сайын міндетті түрде рисктерді басқару бойынша жыл сайынғы жұмыс жоспары және Рисктерді басқару комитетінің жұмыс жоспары құрылады. Тұрақты негізде кәсіпорындар тобының даму деңгейін бағалау жүргізіледі.