"Қызылқұм" ЖШС көлік құралдарын ағылшын әдісімен сатуға арналған аукцион өткізуі жөнінде хабарлайды.

Лот №1 - Урал 375 мем. нөмірі H 611896, шығару жылы-1983, қозғалтқыш №008014, шасси № 410716, түсі-хаки, тіркеу куәлігі NV № 00010125 – 1 дана.

Активтің бастапқы бағасы - 596 000,00 теңге, ҚҚС есебімен.

Лот №2 - ЭО33211А Автокөлігі, Экскаватор мем. нөмірі 017 NAB,  шығару жылы-2008, қозғалтқыш №80251465, зауыт нөмірі 073(46), тіркеу куәлігі КГИ№041448 – 1 дана.

Активтің бастапқы бағасы - 1 597 000,00  теңге, ҚҚС есебімен.

Аукционда баға өзгерісінің қадамы - бастапқы бағасынан 3 %.

Ағылшын әдісімен аукционды өткізу күні – 20.09.2018ж. 11.00 сағ.

Аукционды өткізу орны: «Қызылқұм» ЖШС, 120018, Қызылорда қ., Айтеке би к-сі 52 үй, конференц-зал.

Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін 2018 жылдың 17 қыркүйегіне дейін (қоса алғанда) келесілерді ұсыну қажет

Активтерді сату Ережесінің қосымшасындағы үлгіге сәйкес сатып алуға өтінім;

•          жеке тұлғалар үшін:

- жеке сәйкестендіру нөмірін (әрі қарай - ЖСН) көрсетумен паспорт немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;

- кепілдік жарнасын қайтару үшін ағымдағы шоттың болуын растайтын банктен түпнұсқалық анықтама;

•          заңды тұлғалар үшін:

- бизнес-сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі-БСН), бірінші басшының тегі, аты және әкесінің атын (егер бар болса) көрсете отырып, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;

- сатып алу туралы хабарлама жарияланған күннен кешіктірмей берілген, құрылтайшылардың немесе құрылтайшылардың құрамы туралы ақпарат немесе акциялар иесі тізілімінен алынатын үзінді түпнұсқасы бар жарғының немесе құрылтай құжаттарының нотариалды расталған үзіндісі;

- кепілдік жарнасын қайтару үшін ағымдағы шоттың болуын растайтын банктен түпнұсқалық анықтама. Банк (ағымдағы) шотының болуын растайтын банктен алынған анықтама түпнұсқасы қайтарылмайды;

- кепілдік жарнаның төленгенін растайтын төлем құжатының түпнұсқасы. Төлем құжатының түпнұсқасы сатып алу қорытындысынан кейін қатысушының өтініші бойынша қайтарылады;

- заңды тұлғаның өкілінің өкілеттігін куәландыратын құжат түпнұсқасы, және заңды тұлғаның өкілінің паспорты немесе жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі.

Шетелдік заңды тұлғалар құрылтай құжаттарының нотариалды куәландырған көшірмелерін нотариалды куәландырылған қазақ және/немесе орыс тілдеріне аудармасымен бірге ұсынады.

Әрбір лот үшін 10% (он) мөлшеріндегі кепілдік жарна ағымдағы шотқа ақша аудару арқылы төленеді:

«Қызылқұм» ЖШС, 120018, Қызылорда қ., Айтеке Би к-сі 52 үй, БСН 050540001926, ЖСК KZ826010131000120205, БСК HSBKKZKX «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, Кбе 17.

Мүлікке төлем жасау шарттары – көлік құралдарын сату туралы шартқа қол қойылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде бір реттік төлем.

Әлеуетті қатысушы сатып алу жөніндегі Комиссиямен берілетін билетті алған сәттен бастап аукционға қатысушының мәртебесін алады, 19.09.2018 жылға дейін келесі мекен-жай бойынша:

120018, Қызылорда қ., Айтеке би к-сі 52 үй, тел: 7 (724) 2551195 ішк. 34041, ішк. 34043, Материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімі, t.karievatkyzylkum.kazatomprom.kz.

Аукцион жеңімпазын анықтау, сатып алуларды өткізу рәсімі, сатып алуларға қатысуды рәсімдеу шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін келесі мекен-жайға хабарласыңыз:  120018, Қызылорда қ., Айтеке би к-сі 52 үй, тел: 7 (724) 2551195 ішк. 34041, ішк. 34043, ішк. 34042, Материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімі, және http://www.horasan.kazatomprom.kz сайты.

Әлеуетті сатып алушыларды ағымдағы активтермен таныстыру күні,  уақыты және тәртібі:

- Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, «Хорасан-1» кеніші, 10.09.2018 жыл. Кенішке бару үшін алдын-ала ресми хат-рұқсат қағазын жазу қажет.