Ғылыми қызмет

Қоғамда және оның ЕТҰ-да ғылыми-зерттеу және жобалық-конструкторлық қызметпен 500-ге жуық қызметкерлер айналысады, оның ішінде 8 ғылым докторлары және 54 ғылым кандидаттары. Қоғамда ғылыми-зерттеу және жобалық-конструкторлық институт («ЖТИ» ЖШС), сондай-ақ кәсіпорындардың ғылыми-өндірістік бөлімшелері («ҮМЗ» АҚ ЦНИЛ, «Волковгеология» АҚ ЦОМЭ) бар.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және еншілес кәсіпорындары әзірленген технологиялар мен жабдықтар бойынша 300-ден астам қорғау құжаттары патенттерінің және бірлескен патенттерінің иесі болып табылады, сондай-ақ Қазақстан Республикасында өнеркәсіптік кәсіпорындар арасында аталған көрсеткіш бойынша  1 орынды иеленеді.

Әлемдік бәсекеге қабілеттілікті сақтау үшін Компанияда «Ғылыми-технологиялық қызметті басқару» саясаты әзірленген, оған сәйкес ғылыми зерттеулер мына бағыттар бойынша төрт ғылыми орталықта үйлестіріледі:

1) Геология, геотехнология және тау-кен дайындық жұмыстары – «Волковгеология» АҚ базасында;

2) Өндірістік ерітінділерді өндіру және қайта өңдеу, ЖСМ ілеспе шығару – «Жоғары технологиялар институты» ЖШС базасында;

3) ЯОЦ жоғары технологиялары, СМ алу және қайта өңдеу – «ҮМЗ» АҚ ОҒЗЗ базасында;

4) Білімді басқару, зияткерлік меншікті коммерциялау, ғылыми-техникалық қызметті жалпы үйлестіру – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Ғылымды үйлестіру басқармасы базасында. 

Соңғы кезде өндіріске мынадай жобалар енгізілді:
-  . «Жалпақ» кен орнын тәжірибелік өңдеу үшін өнімділігі жылына 150 тонна уран өндіретін уранның өнімді ерітінділерін өңдеу бойынша ұтқыр кешен іске қосымлды. Ұтқыр кешенді пайдалану тәжірибелік пайдалануға арналған күрделі шығындарды едәуір төмендетуге және оны өндірудің өзіндік құнын 15% -ға азайтуға мүмкіндік берді. Уран өндіру бойынша ұтқыр кешенді Компания мамандары құрған,ҚР инновациялық патенттерімен қорғалған.
-  Ұңғымалардың сүзгіш бөлігіне химиялық өңдеу жүргізу және ЖҚЖ жүргізу үшін жылжымалы қондырғы әзірленіп, өндіріске енгізілді. Жылжымалы қондырғы реагенттердің – декольматанттардың химиялық ерітінділерін тікелей технологиялық ұңғымалардың сүзгіш бөлігіне айдау, дайындау және берудің қауіпсіз жағдайларын жасауға, реагенттерді мақсатты пайдалану есебінен олардың шығындарын (тиісінше – ЖҚЖ құнын) қысқартуға мүмкіндік береді, ал оның бірегейлігі мен ұтқырлығы тәулігіне өңделетін ұңғымалардың санын ұлғайтады және ЖҚЖ тиімділігін арттырады.

Мынадай жобалар әзірленуде, оларды жақын және орта мерзімді перспективада енгізу жоспарланып отыр:
- Ультрадыбысты қолдана отырып, уранды жоғары жылдамдықпен сорбциялау технологиясын әзірлеу, сынақтан өткізу және енгізу.
- Қолжетімді химиялық реагенттерді қолдана отырып, уранды тиімді ультрадыбыстық десорбциялауды әзірлеу, сынақтан өткізу және енгізу.
- Тауарлық десорбатты наносүзгілеудің тиімді  технологиясын әзірлеу, сынақтан өткізу және енгізу.
- Арнайы мақсаттағы реагенттер кешенін қолдана отырып, аз қышқылды сілтісіздендіру.
- Мембраналық сүзу және центрден тепкіш экстракция технологияларын  қолдана отырып, уранды шоғырландыру.
- УШТ тұндыру және алу процестерінде технологияларды оңтайландыру және  жаңа техникалық шешімдерді енгізу.
-Уранды ЖҰС технологиялық ұңғымаларына арналған гильза және бенто-гильза қиыршықтастарының құрылымын  әзірлеу және енгізу.
- Қаптамасында себе отырып, әмбебап саңылаулы сүзгілердің құрылымын әзірлеу.
- Жоғарыаэрленген бұрғылау ерітінділерін қолдана отырып, кен аймағын ашу әдістемесін әзірлеу.
- Әртүрлі кен орындарында геологиялық барлау және іздестіру бұрғылау үшін модульдік үлгідегі бұрғылау білдектері бар бұрғылау қондырғыларын әзірлеу және енгізу

«ҮМЗ» АҚ-да шығарылған бірегей сирек металдар негізінде өнім сұрыпталымын кеңейту мақсатында ғылыми зерттеулер жүргізілді және әлемдік ауқымда жаңа бәсекеге қабілетті және жоғары технологиялық өнімдердің тәжірибелі партиясы алынды:
танталдан және құрамында тантал бар қорытпалардан жасалған медициналық имплантаттар;
-МРТ магнитті резонанстық томографтарөндіруге арналған аса өткізгіш сым.