Казатомпром комментирует решение по петиции 232

Бүгін «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ (Қазатомөнеркәсіп немесе Компания) Америка Құрама Штаттары президентінің АҚШ-тың қазіргі уран нарығын өзгеріссіз сақтау туралы шешімінің қорытындысы бойынша мәлімдеме жариялады.

«Біз Президент Трамптың уран импорты бойынша сауда шектеулерін енгізуден бас тарту шешімін қолдаймыз, - деді Қазатомөнеркәсіптің Басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматов. – Қазатомөнеркәсіп кез келген формадағы нарыққа араласудың жағымсыз екендігін жақтайтын өзінің ұзақ мерзімді ұстанымын растайды, өйткені мемлекеттік қолдауға сүйенген экономикалық тиімсіз өндірісті ынталандыру онсыз да әлсіз ядролық отын нарығының елеулі бұрмалануына әкелуі мүмкін. Кінәратсыз жаһандық уран нарығы болашақта жеткізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ең жақсы шешім болып саналады».

Қазатомөнеркәсіп уран және ядролық-отын өнімдерінің сенімді халықаралық серіктесі және жеткізушісі бола отырып, АҚШ-тағы бірқатар клиенттерін қоса алғанда, бүкіл әлем бойынша энергетикалық кәсіпорындарға жеткізуді жүзеге асырады. Соңғы жылдары ірі уран өндіруші компаниялардың көпшілігі, олардың арасында Қазатомөнеркәсіп те бар, нарықтық араласу емес, осындай шаралар сұраныс пен ұсынысты теңдестіруге көмектеседі және сайып келгенде уран нарығын орнықты қалпына келтіруге алып келеді деген пайымдаумен өндіріс көлемін қысқартты.

2018 жылғы қыркүйекте АҚШ-тың Сауда министрлігіне жасаған бастапқы ұсынысында Қазатомөнеркәсіп өзінің ашықтық пен коммерциялық бағытын ұстанатыны туралы мәлімдеп, компания теріске шығару ретінде 232 петициясының кейбір респонденттеріне қандай да бір мемлекеттік қолдау немесе субсидия алмайтынын түсіндірді. Компания сондай-ақ АҚШ-та атом электр станцияларын пайдаланатын кейбір энергетикалық кәсіпорындар арзан табиғи газбен және жаңартылатын энергия көздерімен бәсекелесу мәселелеріне тап болатынына алаңдаушылығын да атап көрсетті. Осылайша, ядролық отын құнының өсуіне алып келетін тарифтер мен квоталарды енгізу онсыз да күрделі жағдайды қиындата түсер еді. Мыңдаған жоғары білікті жұмыс орындарына төнер қауіптен басқа, атом энергиясымен жеткізілетін базалық жүктеме қуатының үлесін төмендету ауа сапасына, климатқа және адам денсаулығына теріс әсерін тигізер еді.

«Бұл шешім америкалық атом энергиясын өндірушілер мен олардың тұтынушылары үшін даусыз жеңіс, - деп қосты Пірматов мырза. – ол және Трамп әкімшілігі АҚШ-та таза атом өндірісінің бәсекеге қабілеттілігін төмендеткісі келмейді деген оң хабарлама таратады».

Шешімнің кіріспесі

2019 жылғы 14 сәуірде АҚШ Сауда министрлігі 1962 жылғы Сауданы кеңейту туралы заңның («Заң») 232-бөлімінде көрсетілгендей, АҚШ-та уран импорты Құрама Штаттардың ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіре ме дегеніне қатысты өз тергеу нәтижелерін Президент Трампқа ұсынды. Президент Трамп АҚШ Сауда министрлігінің баяндамасында айтылған пайдалы қазбаларды ішкі өндіру бөлігінде уран импортының ұлттық қауіпсіздікке әсер етуіне қатысты елеулі алаңдаушылықпен келіскеніне қарамастан, ол Заңның 232-бөлімінде көрсетілгендей, уран импортының Құрама Штаттардың ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіруімен келіспейді.

Президент Трамп АҚШ-тың ядролық отын жеткізудің барлық тізбегінде ұлттық қауіпсіздік мәселесіне толық талдау қажет деп қаулы етті және бастапқы ішкі жеткізілімдерден тыс талдау жасау үшін ядролық отын бойынша АҚШ-тың жұмыс тобын құрды. Жұмыс тобының құрамына АҚШ үкіметінің негізгі бөлімшелерінің өкілдері кіреді және оған 90 күн ішінде өзінің қорытындылары туралы хабарлап, Президентке ұсыныстар беру тапсырылды.

Сондай-ақ, Президент Трамп өзі «маңызды энергетикалық ресурс» деп атаған атом энергетикасы саласындағы АҚШ саясатына тұрақты шолу жүргізе отырып, АҚШ-тың атом-энергетикалық секторын қалпына келтіру және кеңейту жөніндегі өзінің бұрынғы міндеттемесін растады.

 

Қосымша ақпарат алу үшін сіз хабарласыңыз:

Инвесторлармен өзара іс-қимылға байланысты сұрақтар бойынша:

Кори Кос (Cory Kos), Инвесторлармен жұмыс басқармасының басшысы

Тел: +7 7172 45 81 69

Email: iratkazatomprom.kz

Қоғаммен байланыс және БАҚ сұрақтары бойынша: 

Торғын Мукаева, департамент директоры

Тел: +7 7172 45 80 63

Email: pratkazatomprom.kz

Powerscourt – Лондон (Giles Read)

Тел: +44 20 7250 1446

Email: Kazatompromatpowerscourt-group.com

Осы хабарландырудың көшірмесі www.kazatomprom.kz сайтында қолжетімді болады.

Қазатомөнеркәсіп туралы

Қазатомөнеркәсіп – әлемдегі ең ірі уран өндіруші компания. 2018 жылы Компанияның қатысу үлесі негізінде табиғи уран өндірісі әлемдегі жиынтық уран өндірісінің шамамен 23% құрады. Топ саладағы аса ірі резервтік уран базасына ие. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен кәсіпорындарымен бірге 26 учаскені игеретін 13 уран өндіруші кәсіпорынның басын біріктіреді. Уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан, сонымен қатар барлық кәсіпорындарда жер асты ұңғымалы шаймалау (ЖҰШ) әдісін қолданады және денсаулық сақтауды, өнеркәсіптік қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғауды алдыңғы қатарлы тәжірибелерді қолдануына басымдық назар бөлінеді.

Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында және «Астана» халықаралық биржасында орналастырылған. Қазақстан Республикасының ұлттық атом компаниясы ретінде, топ өнімінің негізгі тұтынушылары атом энергиясын өндіретін компаниялар болып табылса, топ өз өнімін Қытай, Оңтүстік-Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа нарығына экспорттайды. Топ уран және уран өнімін жеткізуді ұзақ және қысқа мерзімді келісімшарттар аясында, сондай-ақ споттық нарықта тікелей Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан бас кеңсе арқылы немесе Швейцарияда құрылған Trading House KazakAtom (THK) еншілес кәсіпорны арқылы жүзеге асырады.

Толық ақпарат біздің сайтымызда: http://www.kazatomprom.kz.

Келешекке қатысты мәлімдемелер

Осы хабарламаға немесе құжатқа енгізілген тарихи фактілерді қоспағанда, барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдеме болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер компанияның қаржылық жай-күйіне, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы күтулері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелер басқалармен бірге «нысаналы көрсеткіш», «санау», «күту», «мақсат», «ниеттену», «мүмкін», «болжай білу», «есептеу», «жоспар», «болжау», «болады», «болуы мүмкін», «ықтимал», «тиіс», «болуы мүмкін» сияқты сөздер мен айналымдарды, сондай-ақ ұқсас мағынадағы басқа да сөздер мен ұғымдарды немесе мәлімдеме мәтініне дейін, мәтінінен кейін немесе мәтінінің ішінде тұруы мүмкін олардың теріс пішіндерін қамтуы ықтимал.

Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияға тәуелді емес белгілі және белгісіз тәуекелдерді, белгісіздіктерді және басқа да маңызды факторларды қамтиды, олар компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашақта қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанатын күтілетін нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай ерекшеленетін болады. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияның қазіргі және болашақ бизнес-стратегиясына және болашақта жұмыс істейтін шарттарға қатысты көптеген болжамдарға негізделген.

ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ БОЛАШАҚ ОҚИҒАЛАР ТУРАЛЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ ЖӘНЕ АЙТАРЛЫҚТАЙ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛІ БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ЖАҒДАЙЛАРҒА ҰШЫРАЙДЫ, ОЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ СЕНІМДІЛІКПЕН БОЛЖАНА АЛМАЙДЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС ЖЕРДЕ БОЛАДЫ. БОЛЖАМДАР ІСКЕ АСЫРЫЛАТЫНЫНА ЕШҚАНДАЙ КЕПІЛДІК БОЛА АЛМАЙДЫ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ МҮМКІН. КОМПАНИЯНЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КОНСУЛЬТАНТТАРЫ ДА, ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ НЕМЕСЕ ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ НЕМЕСЕ ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ ОСЫ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДӘЛДІГІ ҮШІН ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ.

Осы хабарламада немесе құжатта қамтылған ақпарат, басқаларымен қатар болашаққа қатысты мәлімдемелерді қоса алғанда, осы құжаттың күні ғана қолданылады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, осындай ақпараттың жаңартуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден бас тартады және ол компанияның күтулеріндегі өзгерістер, болашаққа қатысты осындай мәлімдемелер негізделген оқиғалар, шарттар немесе мән-жайлар нәтижесінде немесе осы құжаттың күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғалар немесе мән-жайлар нәтижесінде туындайтын ақпаратқа енгізілуі мүмкін қандай да бір өзгерістерді көпшілік алдына шығармайды.