Үстіміздегі жылдың 29 маусымында Мемлекеттік мүлік Тізілімінің веб-порталында «Astana Solar» ЖШС-тегі қатысудың 100% үлесін сату бойынша электрондық аукцион өткізілді. Аукцион Қазақстан Республикасының «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Заңына және Мемлекеттік мүлік Тізілімінің веб-порталында электрондық сауда-саттық өткізу регламентіне сәйкес өткізілді. Бұрын өткізілген сауда-саттықтың 2 кезеңі, 2021 жылғы 12 ақпандағы бағаны көтеру әдісімен өткен аукцион және 2021 жылғы 12 наурыздағы бағаны 50%-ға дейін төмендету әдісімен өткен аукцион сатып алушылардың болмауынан өтпеді деп танылды.
«Astana Solar» ЖШС-тің бағалау құнын «Үлкен төрттік» компанияларының тәуелсіз кеңесшісі анықтап, ол 3,4 млрд теңгені құрады. Жоғарыда көрсетілген регламентке сәйкес сатылу объектісінің үшінші және кейінгі сауда-саттықтарына ең төменгі баға белгіленбей, бағаны төмендету әдісі қолданыла отырып шығарылады. Үшінші аукционның қорытындысы бойынша жеңімпаз анықталып, аукцион хаттамасына сәйкес сату бағасы 380 649 897 теңгені құрады. Қазіргі уақытта әлеуетті сатып алушыны Комплаенс тексеру жүргізілуде.
Кәсіпорынды өткізу Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспары шеңберінде жүзеге асырылады.
Толығырақ ақпарат алу үшін хабарласуға болады:
Инвесторлармен өзара іс-қимылға байланысты мәселелер бойынша
Кори Кос (Cory Kos), IR департаментінің директоры
Тел: +7 7172 45 81 80
Email: irkazatomprom.kz
Қоғаммен байланыс және БАҚ сұраулары бойынша
Торғын Мұқаева, GR және PR департаменті PR бөлімінің бас сарапшысы
Тел: +7 7172 45 80 63
Email: prkazatomprom.kz
Осы хабарландырудың көшірмесі www.kazatomprom.kz сайтында қолжетімді.
Қазатомөнеркәсіп туралы
Қазатомөнеркәсіп – Компанияның қатысу үлесіне барабар, 2020 жылы уранның жиынтық әлемдік бастапқы өндірісінің шамамен 23%-ы мөлшерінде табиғи уран өндірген әлемдегі ең ірі уран өндіруші. Топтың саладағы ең ірі резервтік уран базасы бар. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдармен бірге 14 уран өндіруші кәсіпорынға біріктірілген 26 кен орнын игеруде. Барлық уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және денсаулық сақтауды, өнеркәсіптік қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғауды бақылаудың озық практикалары мен құралдарына ерекше назар аудара отырып, жер асты ұңғымалық шаймалау технологиясын қолданады.
Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында және «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы саналады және Топтың негізгі клиенттері – атом өндіруші қуат операторлары, ал өнімдер үшін негізгі экспорттық нарық – Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа. Топ уран мен уран өнімдерін ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, сондай-ақ спот нарығында тікелей Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан бас кеңсе немесе Швейцариядағы Trading House KazakAtom (THK) еншілес кәсіпорны арқылы сатады.
Толық ақпарат біздің сайтымызда: http://www.kazatomprom.kz.
Болашаққа қатысты мәлімдемелер
Осы хабарға немесе құжатқа енгізілген тарихи фактінің мәлімдемелерінен басқа барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдемелер болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер Компанияның қаржылық жағдайына, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы үміттері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелерде, бұның алдында, бұлардан кейін немесе "мақсат", "санаймыз", "күтеміз", "ниеттіміз", "мүмкін", "болжаймыз", "бағалаймыз", "жоспар", "жоба", "болады", "болуы мүмкін", "ықтимал", "әбден мүмкін" сияқты сөздер мен терминдер немесе олардың теріс нысандары қолданылатын мәлімдемелер қамтылуы мүмкін.
Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер белгілі және белгісіз тәуекелдерді, белгісіздіктерді және Компанияның бақылауынан тыс басқа да маңызды факторларды қамтиды, бұл Компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашаққа қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанған нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай өзгеше болуы мүмкін. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер Компанияның қазіргі және болашақ бизнес стратегиясына және болашақта жұмыс істейтін жағдайларға қатысты көптеген болжамдарға негізделген.
ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ БОЛАШАҚ ОҚИҒАЛАР ТУРАЛЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ ЖӘНЕ ЕЛЕУЛІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛЕСТІК БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА ДА КОНВЕНЦИЯЛАРҒА ҰШЫРАЙДЫ, ОЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫН СЕНІММЕН БОЛЖАУ МҮМКІН ЕМЕС ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС. БОЛЖАМДАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫНА КЕПІЛДІК БЕРІЛМЕЙДІ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ МҮМКІН. КОМПАНИЯДАҒЫЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ-ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КЕҢЕСШІЛЕРІ ДЕ, ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ НЕМЕСЕ ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАНДАРДЫҢ ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ ДА ОСЫ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДӘЛДІГІ ҮШІН ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ.
Болашаққа қатысты мәлімдемені қоса алғанда, осы хабарламада немесе құжатта қамтылған ақпарат осы құжаттың күніне ғана қолданылады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, осындай ақпараттың жаңартуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден біржақты түрде бас тартады және Компанияның күтулеріндегі өзгерістер, оқиғаларға, жағдайларға немесе болашаққа қатысты осындай мәлімдемелер негізделген мән-жайларға өзгерістер нәтижесінде немесе осы құжат күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғалар немесе мән-жайларда ол ақпаратқа енгізуі мүмкін қандай да бір өзгерістерді жария түрде шығармайтын болады.