«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ (бұдан әрі – «Қазатомөнеркәсіп» немесе «Компания») 2021 жылғы 24 қыркүйекте Компанияның Директорлар кеңесі Қазатомөнеркәсіп басшылығының құрамындағы мынадай өзгерістерді бекіткенін хабарлайды.
ЯОЦ жөніндегі бас директор
Ядролық отын циклы (ЯОЦ) жөніндегі бас директор, бұрын ЯОЦ департаментінің директоры қызметін атқарған Досболат Сарымсақов Компания басшылығының сабақтастық жоспарына сәйкес ЯОЦ жөніндегі бас директор – Басқарма мүшесі лауазымына тағайындалды. Досболат Сарымсақов Қазатомөнеркәсіпте 2011 жылдан бері жұмыс істейді, Қазақстанда ЯОЦ бағытын дамытуды қоса алғанда, атом саласында 26 жылдан астам жұмыс тәжірибесіне ие, Үлбі металлургия зауыты базасында ЖБҚ өндіру зауытын салу және АЭХА-ның Төмен байытылған уран банкін (ТБУ) іске қосу сияқты бірегей халықаралық жобаларды іске асыруға белсенді қатысқан.
Мемлекеттік қызметте және жеке секторда түрлі лауазымдарда жұмыс тәжірибесі бар Сарымсақов мырза жаңа лауазымға айтарлықтай сараптама әкеледі. Қазатомөнеркәсіпке келгенге дейін Досболат Сарымсақов Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының Атом энергиясы институтында инженер, «Ядролық қаруды таратпау институты» қауымдастығының (кейіннен – «Ядролық қаруды таратпауға жәрдемдесу орталығы» қауымдастығы) менеджері, соңынан атқарушы директоры болып жұмыс істеген.
Өндіріс жөніндегі бас директор
Аслан Бөлекбай Өндіріс жөніндегі бас директор – Қазатомөнеркәсіп басқармасының мүшесі лауазымына тағайындалды. Бөлекбай мырза Қ.И. Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «тау-кен инженері» мамандығы бойынша бітірген. АҚШ-тың Остин қаласындағы Техас университеті Маккомб бизнес мектебінің «Деректер туралы ғылым және машиналық оқыту» мамандығы бойынша аспирантурасынан өтті.
Бөлекбай мырзаның пайдалы қазбаларды өндіру саласындағы халықаралық компанияларда, оның ішінде Парсы шығанағындағы кен орындарын игеру, пайдалы қазбаларды өндіру, барлау және игеру саласындағы үздік тәжірибелерді енгізу, сондай-ақ Қазақстан, ТМД, Таяу Шығыс елдері мен Еуропадағы кен орындарының табыстылығын арттыру үшін өндіру стратегиясын әзірлеу бойынша 15 жылдан астам тәжірибесі бар. United States Patent and Trademark Office (USPTO) - да 14 патентке ие. Оның жұмыс тәжірибесі Halliburton Energy Services халықаралық компаниясының ағымын қарқындату жөніндегі инженер, Қазақстан-Британ техникалық университетінің аға дәріскері, «Bulekbay Консалтинг» компаниясының бас директоры, «Қазгеология» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары лауазымдарын қамтиды. Бөлекбай мырза сондай-ақ консалтингтік қызметтер көрсетіп, OMV Exploration & Production (Вена қ., Австрия), Saudi Aramco (Сауд Арабиясы), dno Exploration and Production (Дубай қ., БАӘ) сияқты халықаралық компанияларда түрлі лауазымдарды атқарды. Үстіміздегі жылдың шілде айынан бастап Аслан Бөлекбай – «Волковгеология» АҚ (бұрғылау және геологиялық барлау қызметтерін көрсететін Қазатомөнеркәсіптің еншілес кәсіпорны) тәуелсіз директор – Директорлар кеңесінің төрағасы.
Стратегия және даму жөніндегі бас директор
Оқу демалысында жүрген Стратегия және даму жөніндегі бас директор Біржан Дүйсембеков қызметінен кетті. Компания Дүйсембеков мырзаға Қазатомөнеркәсіптің табысына қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді. Дүйсембеков мырзаның тәжірибесі активтерді қайта құрылымдау бағдарламасын іске асыруда, бірлескен кәсіпорындарды басқару бойынша корпоративтік басқару мен рәсімдерді жетілдіруде, Компанияның ірі M&A мәмілелерін тиімді іске асыруда, сондай-ақ ұзақ мерзімді құнды құруға бағытталған Компанияның стратегиясын табысты іске асыруда маңызды рөл атқарды.
2020 жылдың қарашасынан бастап (Дүйсембеков мырзаның оқу демалысы кезеңіне) Стратегия және даму жөніндегі бас директоры болған Ерлан Төлеуғожин Компания басшылығының сабақтастық жоспарына сәйкес Стратегия және даму жөніндегі бас директор – Басқарма мүшесі лауазымына тағайындалды. «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобында түрлі лауазымдарда 16 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар Төлеуғожин мырза «КАТКО» БК» ЖШС-ға 2018 жылы қаржы бойынша атқарушы директордың орынбасары ретінде келіп, 2019 жылы Қазатомөнеркәсіптің Активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры лауазымына ауысты.
HR және коммуникациялар жөніндегі бас директор
Бексұлтан Бекмұратов басқа жұмысқа ауысуына байланысты HR және коммуникациялар жөніндегі бас директор қызметінен кетті. Компания SAP енгізуге және Компанияның коммуникациялық және HR стратегияларын әзірлеуге белсенді қатыса отырып, Трансформация және цифрландыру жөніндегі бағдарламалардың іске асырылуына жауапты болған Қазатомөнеркәсіптегі жұмысы үшін Бекмұратов мырзаға алғысын білдіреді. Бекмұратов мырзаның басшылығымен Қазатомөнеркәсіп басшылығы құрамындағы соңғы өзгерістер барысында өзінің тиімділігін көрсететін Компания басшылығының сабақтастық жоспары әзірленіп, бекітілді.
HR және коммуникациялар жөніндегі бас директор лауазымы қысқартылды, ал тиісті функциялар Қазатомөнеркәсіп басшылығының басқа мүшелері арасында қайта бөлінді.
«Мен әріптестеріміздің болашақ бастамаларына табыс тілеймін, - деді Қазатомөнеркәсіптің Басқарма төрағасы Мәжит Шәріпов. - Олардың әрқайсысына Компанияның жетістігі мен дамуына қосқан зор үлесі үшін алғыс айтамын. Сондай-ақ, мен топ-менеджмент командасына қосылған тәжірибелі және талантты қызметкерлерді, әсіресе біздің Компанияға қосылған жаңа Өндіріс жөніндегі бас директорды жылы қарсы алғым келеді. Оның ауқымды халықаралық тәжірибесі мен стратегиялық ойлауы Қазатомөнеркәсіптің өндірістік қызметіне бірегей тәжірибені енгізіп, Компания басшылығының сабақтастығы жоспары шеңберінде тәжірибелі басқарушылардың басқа да ішкі тағайындауларымен қатар барлық мүдделі тараптарға пайда әкеледі».
Қазатомөнеркәсіптің Директорлар кеңесі Басқарма құрамына 2024 жылғы 24 сәуірге дейінгі өкілеттік мерзімімен сегіз адамды (бұрын – тоғыз) бекітті. 2021 жылғы 24 қыркүйекте күшіне енген жоғарыда аталған өзгерістердің нәтижесінде Қазатомөнеркәсіп басшылығы төмендегідей:
* Мәжит Шәріпов, Басқарма төрағасы;
* Камила Сыздықова, Экономика және қаржы жөніндегі бас директор – Басқарма мүшесі;
* Асқар Батырбаев, Коммерция жөніндегі бас директор – Басқарма мүшесі;
* Аслан Бөлекбай, Өндіріс жөніндегі бас директор – Басқарма мүшесі;
* Әлібек Алдоңғаров, HR және трансформация жөніндегі бас директор – Басқарма мүшесі;
* Досболат Сарымсақов, ЯОЦ жөніндегі бас директор – Басқарма мүшесі;
* Ерлан Төлеуғожин, Стратегия және даму жөніндегі бас директор – Басқарма мүшесі;
* Марат Елемесов, Құқықтық сүйемелдеу және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директор – Басқарма мүшесі (қазіргі уақытта оқу демалысында);
* Қазбек Шаймердинов, Құқықтық сүйемелдеу және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директор.
Басшылық құрамының толық өмірбаяны Компанияның корпоративтік интернет-ресурсында www.kazatomprom.kz қолжетімді.
Толығырақ ақпарат алу үшін хабарласуға болады:
Инвесторлармен өзара іс-қимылға байланысты сұрақтар бойынша:
Кори Кос (Cory Kos), IR департаментінің директоры
Тел: +7 7172 45 81 80 Email: irkazatomprom.kz
Қоғаммен байланыс және БАҚ сұрақтары бойынша:
Торғын Мукаева, GR және PR департаментінің бас сарапшысы
Тел: +7 7172 45 80 63 Email: prkazatomprom.kz
Қазатомөнеркәсіп туралы
Қазатомөнеркәсіп – Компанияның қатысу үлесіне барабар, 2020 жылы уранның жиынтық әлемдік бастапқы өндірісінің шамамен 23%-ы мөлшерінде табиғи уран өндірген әлемдегі ең ірі уран өндіруші. Топтың саладағы ең ірі резервтік уран базасы бар. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдармен бірге 14 уран өндіруші кәсіпорынға біріктірілген 26 кен орнын игеруде. Барлық уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және денсаулық сақтауды, өнеркәсіптік қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғауды бақылаудың озық практикалары мен құралдарына ерекше назар аудара отырып, табиғи уран өндіруде жер асты ұңғымалық шаймалау технологиясын қолданады.
Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында, «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасында және Қазақстан қор биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы саналады және Топтың негізгі клиенттері – атом өндіруші қуат операторлары, ал өнімдер үшін негізгі экспорттық нарық – Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа. Топ уран мен уран өнімдерін ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, сондай-ақ спот нарығында тікелей Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан бас кеңсе немесе Швейцариядағы Trading House KazakAtom (THK) еншілес кәсіпорны арқылы сатады.
Толық ақпарат біздің сайтымызда: http://www.kazatomprom.kz.
Келешекке қатысты мәлімдемелер
Осы хабарламаға немесе құжатқа енгізілген тарихи фактілерді қоспағанда, барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдеме болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер компанияның қаржылық жай-күйіне, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы күтулері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелер басқалармен бірге «нысаналы көрсеткіш», «санау», «күту», «мақсат», «ниеттену», «мүмкін», «болжай білу», «есептеу», «жоспар», «болжау», «болады», «болуы мүмкін», «ықтимал», «тиіс», «болуы мүмкін» сияқты сөздер мен айналымдарды, сондай-ақ ұқсас мағынадағы басқа да сөздер мен ұғымдарды немесе мәлімдеме мәтініне дейін, мәтінінен кейін немесе мәтінінің ішінде тұруы мүмкін олардың теріс пішіндерін қамтуы ықтимал.
Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияға тәуелді емес белгілі және белгісіз тәуекелдерді, белгісіздіктерді және басқа да маңызды факторларды қамтиды, олар компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашақта қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанатын күтілетін нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай ерекшеленетін болады. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияның қазіргі және болашақ бизнес-стратегиясына және болашақта жұмыс істейтін шарттарға қатысты көптеген болжамдарға негізделген.
ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ БОЛАШАҚ ОҚИҒАЛАР ТУРАЛЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ ЖӘНЕ АЙТАРЛЫҚТАЙ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛІ БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ЖАҒДАЙЛАРҒА ҰШЫРАЙДЫ, ОЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ СЕНІМДІЛІКПЕН БОЛЖАНА АЛМАЙДЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС ЖЕРДЕ БОЛАДЫ. БОЛЖАМДАР ІСКЕ АСЫРЫЛАТЫНЫНА ЕШҚАНДАЙ КЕПІЛДІК БОЛА АЛМАЙДЫ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ МҮМКІН. КОМПАНИЯНЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ – ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КОНСУЛЬТАНТТАРЫ ДА, ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ НЕМЕСЕ ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ НЕМЕСЕ ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ – ОСЫ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДӘЛДІГІ ҮШІН ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ.
Осы хабарламада немесе құжатта қамтылған ақпарат, басқаларымен қатар болашаққа қатысты мәлімдемелерді қоса алғанда, осы құжаттың күнінде ғана қолданылады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, осындай ақпараттың жаңартуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден бас тартады және ол компанияның күтулеріндегі өзгерістер, болашаққа қатысты осындай мәлімдемелер негізделген оқиғалар, шарттар немесе мән-жайлар нәтижесінде немесе осы құжаттың күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғалар немесе мән-жайлар нәтижесінде туындайтын ақпаратқа енгізілуі мүмкін қандай да бір өзгерістерді көпшілік алдына шығармайды.