Риаз Эль Хасан Саид Ризви

Стратегия және маркетинг жөніндегі бас директор, Басқарма мүшесі

Функционалдық міндеттері: 
Қоғамның және ЕТҰ даму стратегияларын әзірлеу және орындауды жүзеге асырады. Компанияның маркетинг және өнімді сату саласындағы стратегиясын құруға, маркетинг-өткізілім қызметін үйлестіру және бақылауға жауапты. Трансформация бағдарламасының іске асырылуын қадағалауды, негізгі барлық нарықта компанияның нарықтық үлесінің кеңеуіне басшылық етуді іске асырады.

Нидерланды азаматы. 1972 туған.

1994 жылы Kings College (BSc in Business Administration) және 1998 жылы Nijenrode University (MBA, Doctorandus in Business Administration) бітірген.

Әр жылдары «Multi-Family Office» Өзбекстандағы және Грузиядағы өкілдіктерінің басшысы, «Independent Bureau for Humanitarian Issues» Босния мен Герцоговина бойынша жобалық менеджері,  «Enron Europe Limited» (Лондон қ.) жаңа қызмет бағытының (көмір) жетекшісі, «American Electric Power» (Лондон қ.) жаңа қызмет бағытының жетекшісі; «Constellation Energy Commodities Group» (Лондон қ.) компаниясының тең-жетекшісі; «NuCap Limited» құрылтайшысы лауазымдарын атқарған.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-да 2017 жылдың наурыз айынан бастап Стратегия және маркетинг жөніндегі бас директоры еңбек етеді.

Қоса атқаратын жұмыс істемейді.