Денсаулық

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, өндірістік міндеттерді орындай отырып, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі қағидаттарын ұстанады. Компания өз қызметкерлерінің денсаулықтарына ерекше назар аударады.  Қызметкерлердің әлеуметтік пакетіне толық медициналық сақтандыру, сондай-ақ санаторлық-курорттық емделу кіреді.

Кеніштерде денсаулық пунктері бар, олар тәулік бойы істейді, ондағы медициналық персонал кәсіпорындардың қызметкерлерін күн сайын ауысым алдында қарайды.   

Кеніште жұмыс істеп жатқан және вахталық кенттерде тұрып жатқан қызметкерлерге сапалы медициналық қызмет көрсету үшін компания уран өндіруші өңірлерде 8 медициналық-санитарлық орындарды жөндеп қайта салды.   Осы  аурыханалар мен емханаларда істеп жатқан жоғары білікті дәрігерлер медмциналық қызмет кешенін тек кәсіпорын қызметкерлеріне ғана емес, жергілікті халыққа да көрсетіп отыр. Осымен қатар жыл сайынғы медициналық-санитарлық бөлімдер барлық қызметкерлерге міндетті профилактикалық қарау өткізеді. Бұл ауруды бастапқы кезеңінде айқындап, пациентті тіркеуге қойып, қажетті емделу курсын өткізуге мүмкіндік береді.  

Денсаулықсақтау мекемелері заманауи құралдармен жабдықталған және негізгі бөлімшелері бар – педиатрия, зертханалық-диагностикалық, хирургия, акушерлік-гинекологиялық, стоматология, неврология мен т.б.  

Бұдан басқа, Қоғамның компаниялары тобының қызметкерлерін медициналық сақтандырылуына жыл сайын 600 млн. теңге бөлінеді.