Спорт, мәдениет, бос уақыт

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның әлеуметтік саясаттағы маңызды бағыттарының бірі салауатты өмір салтын насихаттау, спортпен шұғылдану үшін қолайлы жағдай жасау, мәдени дамудың деңгейін жоғарлату, компания қызметкерлері, олардың отбасылары мен жергілікті тұрғындардың демалысы мен бос уақыттарын ұйымдастыру болып табылады.

Компанияның қатысуымен аймақтарда жергілікті және республикалық көлемдегі – спартакиада, шығармашылық жарыстар, мерекелік концерттер, корпоративтік іс-шаралар, сайыстар, КТК турнирлері, әртүрлі спорттық-сауықтыру және мәдени-ойын-сауық іс-шаралары жиі өткізіліп тұрады.

Қызметкерлер мен аймақ тұрғындардың билігінде 30 әлеуметтік нысандар (стадиондар, мәдени-ойын-сауық орталықтары, денешынықтыру-сауықтыру кешендері, демалыс базалары мен балалар лагері, мәдениет және оқушылар сарайы және т.б.) бар, олар «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның қаражаттарына салынған және жөнделген.