Өндіріс қауіпсіздігінің, еңбекті және қоршаған ортаны қорғаудың тұрақты көрсеткіштері

Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету – Қазатомөнеркәсіптің басты басымдығы. Компания өзінің өндірістік қызметін жүргізу кезінде жұмысшыларға қауіпсіз еңбек жағдайларын жасап беру, Қоғамның қызметіне қатысы бар басқа да тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өндірістік қызмет жүргізілетін аймақтардағы экологиялық қауіпсіздікті және табиғи ортаны сақтау үшін мүдделі тараптар алдында көтеретін бүкіл жауапкершілікті жете түсінеді.

Компания Қазақстан Республикасының барлық қолданыстағы заңнамаларын қатаң сақтайды, сондай-ақ, еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы озық халықаралық тәжірибелерден тұратын қауіпсіздікке қатысты кешенді ұстанымды жүзеге асырып отыр.

Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығының (International Social Security Association (ISSA)) қауіпсіздік деңгейін, денсаулықты және еңбек жағдайларын жақсарту жөніндегі бастамасын қолдау шеңберінде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ «нөлдік жарақаттану» деңгейіне жетуге деген ұмтылысын айғақтап, Vision Zero халықаралық бағдарламасының қатысушысы ретінде тіркелді.

Компания барлық деңгейдегі қызметкерлер мен басшылардың қауіпсіздік мәдениетін жетілдіру және өнеркәсіптік қауіпсіздіктің талаптарын саналы түрде сақтау деңгейін арттыру бағытында жұмыс жүргізіп келеді.

Қазатомөнеркәсіптің өндірістік кәсіпорындары ISO-14001 стандартының негізінде қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесін және OHSAS-18001 стандартына сәйкес келетін еңбек қауіпсіздігін басқару жүйесін ендірген.

Компания барлық деңгейдегі қызметкерлер мен басшылардың еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласындағы білім деңгейін үнемі арттырып отырады, сондай-ақ, өндірістік қауіпсіздікпен байланысты барлық істерде ашық және айқын көзқарасты ұстанады.

Кәсіпорындарда күнделікті түрде қызметкерлерге әсер ететін радиация деңгейіне мониторинг жүргізіледі.

Қабылданған шаралар кәсіпорындарда ядролық және радиациялық қауіпсіздік жағдайын жоғары деңгейде сақтауға мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, Қазатомөнеркәсіп қоршаған ортаны қорғау саласындағы бірқатар негізгі тиімділік көрсеткіштерін (НТК) әзірлеп, осы көрсеткіштерге жетуге ұмтылатын болады. Аталған көрсеткіштер, соның ішінде өнеркәсіптік қалдықтардың түзілу көлеміне, қалдықтардың шығарындылары мен көмілуіне қатысты белгіленген.