Акционерлер құрылымы

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның акционерлік капиталының 85,08% «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-на тиесілі, 14,92% «Астана» халықаралық биржасы мен Лондон қор биржасында еркін айналымда.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы «Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығына және «Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 қаулысына сәйкес «Қазына» орнықты даму қоры» және «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамдарын қосу жолымен құрылған.

Қор қызметінің басты мақсаты – ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялардың және басқа да заңды тұлғалардың меншік құқындағы өзіне тиесілі акциялар пакетін (қатысу үлесін) мейлінше ұзақ мерзімді құндылыққа айналдыру және әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттігін арттыру үшін басқару.

Қор қызметінің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:

  1. қордың жалғыз акционері ретінде мемлекеттің мүдделерін сақтау ;
  2. қордың және оның компаниялары қызметінің ашықтығы, тиімділігі және икемділігі
  3. шешімдер қабылдауда және оларды іске асыруда кезінде жүйелілік және шұғылдық;
  4. жауаптылық және есептілікте болу.

Қор қызметінің негізгі бағыттары мыналар болып табылады:

  1. ұлттық экономиканы жаңғыртуға және әртараптандыруға жәрдемдесу;
  2. елдің экономикасын тұрақтандыруға жәрдемдесу;
  3. компаниялар қызметінің тиімділігін арттыру.

Қордың негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

  1. өңірлік, ұлттық және халықаралық ауқымдағы инвестициялық жобаларды әзірлеу және оның іске асырылуын қамтамасыз ету;
  2. Қордың компаниялары топтарының қолданыстағы активтерін қолдау және жаңғырту;
  3. өңірлерді дамытуға және әлеуметтік жобаларды іске асыруға жәрдемдесу;
  4. отандық тауар өндірушілерді, отандық тауарлар мен қызметтерді қолдау.