Табиғи уранды өндіру

Қазатомөнеркәсіп өзінің еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдарымен бірге 13 тау-кен активіне біріккен Қазақстан Республикасының аумағындағы 26 жұмыс учаскесінде өндіріс жұмыстарын жүргізеді.

Табиғи уран өндірілетін өңірлер

Уран өндірудің жер асты ұңғымалы шаймалау (ЖҰШ) әдісі алғаш рет 1960 жылдары қолданылып, 2017 жылы әлемдік уран өндірісінің 50%-н құрады.

Дәстүрлі әдістермен салыстырғанда ЖҰШ әдісінің қоршаған ортаға теріс ықпалы аз және ол өндірудің барынша төмен өзіндік құнын, өндірістік қауіпсіздік пен еңбекті қорғау саласындағы жоғары көрсеткіштерді қамтамасыз етеді.

ЖҰШ әдісімен өндіруге жарамды Қазақстан Республикасының қолайлы геологиялық жағдайы Қазатомөнеркәсіпке бірегей бәсекелестік артықшылық береді.

Қазатомөнеркәсіп уран өндіруді 100% ЖҰШ әдісімен жүргізеді.

  • Өзінің негізгі бәсекелестерінен айтарлықтай асып түсетін Қазатомөнеркәсіп – 12,1 мың тонна өнімділікпен (2017 жылы әлемдік уран өндірудің ~ 20%) ЖҰШ әдісімен уран өндіруде даусыз көшбасшы.